"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

29.02.2024

1. Жалпы ережелер

         1)Қызмет беруші тарлы ақпарат:  «№2 ЖББМ Атбасар қаласы Ақмола облысы Атбасар ауданының білім беру бөлімі» КММ. Заңды мекенжайы Атбасар қаласы, Веденеев көшесі 100.

         2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 «№2 ЖББМ» КММ-де білім беру саласында 4 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         2023 жылы мектепте 285 қызмет ұсынылды;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 0   қызмет;

 - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 150 қызмет;

 - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 135 қызмет.

 Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылы мектепте 247 қызмет ұсынылды:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 1  қызмет;

 - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 96 қызмет;

 - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 150 қызмет.       

       3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: 

   1. Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

     «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

         «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

         «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

      2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс: 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

        Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0002.atbasar.aqmoedu.kz/content/8198-18-10-23-09-19-54-gosudarstvennye-uslugi   «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.      

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.  

         1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

             Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.    

 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

        2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.  

     5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

        2024 жылы «№2 ЖББМ»  КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 19:03
Құрылған күні: 29.02.2024 19:05

Текст