Текст
14 қазан күні 5 «В» сыныбында «Зомбылықсыз өмір» тақырыбында сынып сағаты және «Көшеде қауіпті заттардан қалай аулақ болу? (Электрощиттер)» атты жеке қауіпсіздік сабағы өтті. Сынып сағатының мақсаты зомбылықтың не екенін, оның түрлері мен салдарын түсіну, эмпатия, толеранттылық және конфликтілерді бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту болды. Сабақтың соңында оқушылар «Біз зомбылыққа қарсымыз» деген брошюра құрастырды, онда:- Зомбылық туралы ой-пікірлерімен бөлісті.- Зомбылықсыз конфликтілерді қалай шешуге болатыны туралы мысалдар келтірді.- Көшеде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңестер енгізді. Бұл іс-шара оқушыларға бір-біріне деген құрметті және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсінуге көмектесті.