2024 жылғы 30 қазанда «№2 ЖОББМ» КММ-де «Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу» бастауыш сыныптарының МА аудандық отырысы өтті. Мақсаты: бірінші сынып оқушыларының мектепке ойдағыдай бейімделуіне жағдай жасау. Аудан мектеп мұғалімдерінің кездесуі, білім бөлімінің әдіскері Семенчка Инна Васильевнаның құттықтау сөзінен және тимбилдинг өткізуінен басталды. Отырыста №7 ЖОББМ мұғалімі Н.С. Дабиева, №3 ЖОББМ мұғалімі А.К. Байкабулова, бірінші сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті. №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі И.Н. Рылина, Адыр ауылының мұғалімі С.М. Тремпельченко курстардан алған әсерлерімен бөлісті және жұмысы туралы айтып берді. Шуйский ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Кочергина О.Ю. бастауыш сынып мұғалімдерімен шеберлік сабағын өткізді. Және жұмысын рефлексиямен №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Мармель Н.В. аяқтады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің отырысы қызықты түрде өтті, онда әркім қажетті ақпаратты өзінің әдістемелік қоржынынан ала алды.