Текст
Бүгін 10 наурызда 6 "В " сыныбында " Жеті атанды білесің бе? атты отбасылық клуб отырысы өтті. Отырыстың мақсаты: қазіргі таңда салт- дәстүрді дәріптеу, насихаттау.Бұл отырысқа сыныбымыздың оқушысының әжесі қатысты. Отырыста әжеміз сөзін " Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі"деген қазақ атамыздың аталы сөзінен бастады. Отырыста оқушылар Жеті ата - қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі екені туралы біліп қоймай,жеті ата туралы мақал- мәтелдермен де танысып көптеген қызықты мағлұмат алды.