Текст
024 жылғы 10 желтоқсанда Көкшетау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің жас педагогтарына арналған «Жас ұстаз: табысқа жету жолы» атты өңірлік слет өтті. Аталған іс-шараға «Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі Д.А. Тулеубаева қатысты. Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды қолдануға арналған әртүрлі шеберханалар өте пайдалы болды. Психологиялық тренингтер құнды кеңестер алуға мүмкіндік берді. Іс-шара тек жағымды әсер қалдырды.