"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Цифрлық платформалар - педагогтерге көмек көрсету үшін " оқыту семинарын өткізу.

13.01.2025

"Цифрлық платформалар - педагогтерге көмек көрсету үшін " оқыту семинарын өткізу.
Қазіргі білім беру ортасы цифрлық технологиялардың әсерінен тез өзгеруде. Қашықтықтан және аралас оқытуды дамыту жағдайында мұғалімдер білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық платформаларды пайдалану қажеттілігіне тап болады.
"Цифрлық платформалар - педагогтарға көмек көрсету үшін " тақырыбында оқыту семинары алтыншы қаңтарда біздің мектеп базасында өтті. 24 педагог қатысып, заманауи құралдармен танысып, олардың практикалық қолданылуын игерді, оларға Л.В. Мамыкина мен Ақжол Сейтханұлы көмектесті.
Семинардың мақсаттары:
1. Педагогтерді білім беру қызметінде қолданылатын негізгі цифрлық платформалармен таныстыру.
2. Сабақтарды ұйымдастыру , білімді бақылау және оқушылармен өзара әрекеттесу үшін цифрлық құралдарды пайдаланудың артықшылықтарын көрсету.
3. Семинарға қатысушыларды платформалармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларына үйрету (GAMA, ChatGPT, CANVA)
4. Педагогтердің цифрлық сауаттылығын және олардың жаңа технологияларды қолдануға сенімділігін арттыру.
Семинар қорытындысы бойынша педагогтар:
* Цифрлық платформалардың мүмкіндіктерімен және олардың білім беру қызметінде қолданылуымен танысты.
* Негізгі құралдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алды.
* Оқыту сапасын арттыру үшін технологияны қолдануға сенімдірек болды

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст