Текст
Қаңтардың 6-сы күні 5б сыныбында қысқы демалысты жоспарлау бойынша “Бір-бірімізді құрметтеп үйренейік!” тақырыбына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті. Жауапты мұғалім: Молдыбаева А.А. Сыныптан тыс жұмыста оқушылар белсене қатысып, өздері дайындап келген жұмыстарына таныстырылым жасады. Сыйластық туралы жұмбақтар және тренинг-ойындар өткізілді, сондай-ақ тақырып бойынша видеоролик тамашалап, соған байланысты ойларымен бөлісті. Сабақ соңында оқушыларға арналған сыйлық ұсынылып, атақты тұлға Б.Паскальдың сөзімен сабаққа қорытындылау жасалды: “Өз мінез-құлқыңды бақылап үйрен және сыйласа білуге дағдылан!”