Текст
Өз шығармашылығын қазақ халқының көп ғасырлық тарихына арнаған Ілияс Есенберлиннің (1915-1983) 110 жылдығына орай «Бүкіл әлемді қаламмен жаулап алу» атты кітап көрмесі «ОШ 2» КММ-де рәсімделді. Кітап көрмесі осы жарқын және ерекше тұлғаға деген терең құрмет пен естелікке айналды. Көрмеде Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, аудармалары, фотоматериалдары және ол туралы мақалалар ұсынылған . Ілияс Есенберлин әлі күнге дейін тарихи тақырыппен айналысқан алғашқы ғана емес, сонымен бірге ең ірі қазақ жазушысы болып қала береді .