2025 жылғы 6 ақпанда МиФ онкүндігі аясында « Нақты ғылымдар – прогрестің негізі!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Қазақстанда темір жолдардың Құрылған жылы Орынбордан Өзбекстанмен шекарадағы Кубек (Қазалы) станциясына дейінгі кең табанды бірінші трансқазастандық магистралі бойынша қозғалыс басталған 1904-ші жыл болып саналады. Өткен жыл – 2024 жыл - мерейтойлық-120 жылды Қазақстан темір жолы атап өтті.
Президент өз Жолдауында: «2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге де жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы: адал, қажырлы еңбекпен табысқа жеткен адамдар әрқашан сый мен құрметке ие болуы қажет. Біздің қоғамдағы еңбекқорлық пен кәсіпқойлықтың құндылықтары әрқашан бірінші орында тұруы керек. Өз ісінің мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Сондықтан бүгін кездесуге өз ісінің жетекші мамандарының бірі – бірінші дәрежелі машинист, нұсқаушыны шақыру идеясы пайда болды және бұл осы мамандықтағы шеберліктің ең жоғарғы сатысы – Мамыкин Николай Николаевич. Қазіргі машинист тәжірибесінің мысалында біз еңбекқорлық, ізденімпаздық, табандылық, батылдық сияқты қасиеттерді аштық және білім алушыларда осы қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал еттік. Іс-шараға 8 - сынып оқушылары шақырылды. Қонақпен қызықты әрі мазмұнды әңгімелесуден кейін балалар машинистің көмекшісі лауазымына интерактивті «әңгімелесуден» өтті, ал қыздар теміржолды жинап, локомотивті іске қосты. Біздің қонағымыз үшін балалар оның мамандығы туралы шын көңілден шыққан өлеңдер, ән дайындады.