Текст
Дәмді сабақ: тағам әлеміне саяхат
28 ақпанда мектебімізде 3 “В” сыныбында “My favourite food” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Оқушылар әдеттегі жаттығулардың орнына дәмдер мен талғамдар әлеміне қызықты саяхат жасап, жаңа сөздер мен сөйлемдерді үйренді. Алдымен олар түрлі-түсті карточкалар мен көңілді жұмбақтар арқылы азық-түлік атауларын еске түсірді.
Сабақ барысында үшінші сынып оқушылары қандай тағамдарды ұнататынын және ұнатпайтынын анықтады.
— I like pizza, but I don’t like fish! — деген дауыстар сыныпта жиі естілді.
Ойын түріндегі тапсырмалар балаларға жаңа сөздерді оңай меңгеруге және өз талғамдары туралы сенімді айтуға көмектесті. Енді олар брокколидің неге сүйікті тағамдары емес екенін дәл түсіндіре алады!