01.04.2025
12 наурызда « No2 ЖОББМ» КММ PISA-2025 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша 9, 10 сыныптардың пән мұғалімдерімен кездесу өтті.
PISA-2025 оқушыларды ғылыммен байланысты құбылыстарына негізделген, жеке шешім қабылдау қабілетін нақты бағалай отырып, жаратылыстану сауаттылығына бағытталған. Сонымен қатар, әрбір кезең инновациялық бағытты қамтиды. 2025 жылы бұл бағыт «Цифрлық әлемде оқыту» болады.
Кездесу барысында мектеп мұғалімдері оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау туралы толық ақпарат дайындап, көрсеткіштердің жоғарылау динамикасын, NIS тренажерлары бойынша жұмыс нәтижелерін, проблемалары мен оларды шешу жолдарын көрсетіп, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы семинарды аяқтағаннан кейін әзірленген тапсырмаларды қолдануды туралы ой бөлісті.