02.04.2025
2025 жылдың 27 наурызында мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен әдістемелік кеңес өтті. Іс-шара оқыту сапасын арттыру, әдістемелік әзірлемелермен алмасу және қазақ тілі мен әдебиетін оқыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Отырыста келесі мәселелер талқыланды: 1. 9 сынып оқушыларының ББЖМ және ПИЗАға дайындығы;
2. Аралық бақылау және емтиханға дайындық: Бағалау критерийлері және оқушылардың алдағы емтихандарға дайындығы талқыланып, бағалауға дайындау бойынша ұсыныстар әзірленді.
3. Жаңа заманауи технология элементтерін қолданып, білім сапасын арттыру. Шеберлік сынып.
4. Әр түрлі сұрақтар.