Текст
Бүгін 27.04.2021 жылы 1 «Г» сыныбында «Достық шаңырағы астында» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сабақтың мақсаты: балалардың өз мемлекетінің тарихына деген танымдық қызығушылығын арттыру, балалардың бойында «Тәуелсіздік», «Шаңырақ» ұғымдарының өз еліңе деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға ықпал ету! Балалар біздің Отанымыз туралы деректі фильмді тамашалады, бүкіл Қазақстан бойынша қызықты саяхатқа барды, жұмбақтар шешті, Отан туралы мақал-мәтелдер тыңдады, сонымен қатар тиісті тақырыпта суреттер салды.