17.04.2025
17 сәуір күні КММ «№2 орта мектеп» 3 «Г» сыныбында «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын түріндегі сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Ойынның мақсаты — логикалық ойлау қабілетін, тапқырлықты, командамен жұмыс істеу дағдысын және эрудицияны дамыту.
Оқушылар белсенді қатысып, қызықты әрі танымдық сұрақтарға жауап берді, жауаптарын талқылап, түрлі нұсқалар ұсынып, ең нақтысын таңдады. Ойын оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, ұжымның бірлігін арттырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді және білімді қатысушылар анықталып, оларға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табысталды.