Текст
2025 жылдың 18 сәуірінде «No2 ЖББОМ» КММ-де, 7-Г сыныбында «Суды үнемде - болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында сынып жетекшісі оқушыларды су туралы қызықты деректермен таныстырды. Адамдар суды не үшін жұмсайды, суды қалай азайтуға болатынын балалармен талқылап, мәселені шешу жолдарын қарастырды.