20.04.2025
2025 жылдың 18 сәуірінде КММ «№2 орта мектебінде» «Суды үнімде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың су ресурстарына ұқыпты қарауын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту және судың өмірдің негізі екендігін түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар тұщы су тапшылығына байланысты жаһандық мәселелерді талқылап, танымдық бейнероликтерді тамашалады және интерактивті тапсырмаларға қатысты. Әр адамның су ресурстарын сақтау ісіне өз үлесін қоса алатынын көрсететін қарапайым әрекеттерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың экологиялық санасын арттырып, табиғатты қорғау әркімнің өзінен басталатынын еске салды.