Текст
Бүгін 5 «Е» сыныпта сынып сағаты өткізілді. Дүниежүзілік су күні. Бұл дүниежүзілік күнді 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың табиғи ресурстарға, атап айтқанда суға ұқыпты қарауын қалыптастыру, оны болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығын түсіну болды. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесті.