22.04.2025
2025 жылдың 22 сәуірінде «Жас педагог апталығы»аясында информатика пәнінің мұғалімі А. Сейітханұлы 7Б сыныпта «Python бағдарламалау тілінде Алгоритмдерді бағдарламалау»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың басында балалар «Wordwall» бағдарламасы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтады.Сабақ жақсы ұйымдастырылды: мұғалім материалды нақты түсіндірді, көрнекі мысалдарды қолданды және оқушыларды оқу процесіне белсенді түрде тартты. Әсіресе балаларға тапсырмалардың тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық екендігі ұнады-олар алған білімдерін бірден іс жүзінде қолдана алуына болады.
Сондай-ақ сыныптағы мейірімді атмосфераны атап өткен жөн.Балалар қызығушылықпен жұмыс істеді.
Жалпы, сабақ заманауи технологиялардың білім беру процесінде қалай қызықты және қол жетімді болатындығын көрсетті. Бұл тәсіл оқушылардың логикалық ойлауын, IT-салаға деген қызығушылығын және болашақта пайдалы болатын дағдыларын дамытады.