04.06.2025
Педагогтар үшін «Қалай қысымды төмендетуге және түлектерді ынталандыруға болады» тақырыбында өткізілген консультация
11-сынып оқушыларының қорытынды емтихандарына дайындық аясында педагог-психолог Досмұханова Г.К. педагогтар үшін «Қалай қысымды төмендетуге және түлектерді ынталандыруға болады» тақырыбында консультация өткізді.
Мақсат: ата-аналық қолдаудың деңгейін арттыру.
Консультация барысында мектеп педагогтары «Қалай қысымды төмендетуге және түлектерді ынталандыруға болады» маңызды тақырыбымен танысты.
Іс-шарада педагогтар оқушылардағы стресстің себептерін талқылап, педагог-психологтың қысымды төмендету және ішкі мотивацияны қолдау әдістерін дұрыс қолдану туралы кеңесін тыңдады.
Орындаушы: педагог-психолог Досмұханова Г.К.