04.06.2025
2025 оқу жылының 12-23 мамырында “N2 ЖОББ” КММ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Уатхан Лена «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тақырыбында біліктілігін арттыру курсын аяқтады. Курс тренері- “Өрлеу” АҚ оқытушысы Суюндыкова Баян Сабитовна.
Курста пәнді оқыту әдістемесінің жаңартылған мазмұны, тілдік дағдыларды дамыту жолдары, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру әдістері қарастырылып, мұғалімдердің пәндік құзыреттілігін тереңдетуге үлкен мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге бағытталған оқу мазмұны мұғалімнің сабақ беру шеберлігін, бағалау дағдыларын және оқытудағы заманауи технологияларды тиімді қолдану қабілетін дамытады. Курс барысында мұғалімдер тек теориялық біліммен ғана емес, практикалық тапсырмалар арқылы өз дағдыларын жетілдіреді. Жалпы, курс мазмұны өзектілігімен, практикалық бағыттылығымен ерекшеленіп, педагогтердің кәсіби дамуына нақты үлес қосады деп есептеймін.