Текст
3-сыныптарда ағылшын тілі бойынша “My Favourite Animal” тақырыбында қызықты сабақ өтті. Балалар ағылшын тіліндегі мультфильмдерді қызыға тамашалап, түрлі ойындар ойнады, кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарын қайталап, белсенді қатысты. Сабақ ойын түрінде өтіп, оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге, тыңдалым және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сабақ соңында балалармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы маңызды әңгіме жүргізілді. Кейін балалар өздері жолда жүрген адамдарға судағы тәртіп ережелері жазылған брошюралар таратып, түсіндіріп берді.
Сабақ әрі танымды, әрі пайдалы болды — оқушылар белсенділік, жауапкершілік және өзгелерге деген қамқорлық көрсете білді.