26.06.2025
26 маусымда жазғы тілдік мектеп аясында 3-сынып оқушыларына арналған “I love English” тақырыбында жарқын әрі есте қаларлық ағылшын тілі сабағы өтті.
Оқушылар қуана-қуана домино, интерактивті тапсырмалар, көңілді Angry Birds ойынын ойнады, сондай-ақ “Cookie Thief” мультфильмін көріп, тыңдау және белсенді қолдануға арналған тапсырмаларды орындады.
Қол жеткізілген нәтижелер:
• school objects тақырыбы бойынша сөздік қоры қайталанып, бекітілді;
• there is / there are құрылымдарын сөйлеуде сенімді қолдана алды;
• тыңдау және сөйлеу дағдыларын ойын арқылы дамытты.
Сабақ соңында әр оқушы “Robot” атты жарқын карточкаға курс туралы пікірін жазып қалдырды. Барлығы ағылшын тілін үйрену — қызықты әрі көңілді екенін атап өтті!