"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"М. Ғабдуллин" атындағы лагері

01.07.2025

Мен, Абелдинова Фатима, «№2 ЖББМ» КММ-нің 6В сынып оқушысымын.
Осы жазда сіңлім Абельдинова Камилла екеуіміз "М. Ғабдуллин" атындағы жазғы лагеріде болдық, маған бәрі қатты ұнады!
Лагерь әдемі жерде орналасқан – айнала орман, таза ауа және тыныштық.
Әу бастан-ақ достық атмосфера болды. Әр таң қызықты жаттығулармен басталды, содан кейін таңғы асқа барамыз. Ал таңғы астан кейін күннің ең қызықты бөлігі – ойындар, жарыстар, байқаулар, викториналар және шеберлік сабақтары басталады.
Әр күн ерекше болды - біз демалып қана қоймай, жаңа нәрселерге үйрендік!
Маған шығармашылық тапсырмалар қатты ұнады: біз сурет салдық, қолөнер жасадық, сахналық көріністер қойдық, тіпті шағын концерттер ұйымдастырдық. Тәлімгерлер әрқашан қасымызда болды, көмектесті, қолдады және барлығының көңілін көтеруге тырысты.
Тағамдары өте дәмді және тойымды болды, біз таза және жайлы бөлмелерде тұрдық. Маған ең ұнағаны – көп сөйлесіп, күліп, уақытты пайдалы өткізгеніміз болды.
Бұл лагерь маған көптеген жақсы естеліктер мен жаңа достар сыйлады.
Мен ол жерге міндетті түрде тағы барамын!
Мектебімізге және осындай тамаша ауысымды ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст