Текст
9 шілде күні пәндік мектепте мамандықтар жылына орай "Мамандықтар әлемінде" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, мамандық таңдаудағы маңыздылықты түсіндіру, сөйлеу дағдыларын дамыту болды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз армандаған мамандықтары туралы ой бөлісті, сөздік қорларын толықтырып, рөлдік ойындар арқылы түрлі мамандық иелерінің қызметін сипаттады. Сабақ барысында әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сабақ қызықты, мазмұнды өтті.