Текст
Бүгін, 08.08.2025 ж., Атбасар қаласының «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Достық» мектеп жанындағы лагерьдің балалары қауіпсіздік ережелерін сақтау және жол қозғалысы ережелерін қайталаудан кейін теміржол саябағында серуенге шықты. Балалар таза ауада өздерінің сүйікті ойындарын ойнады. Күн жарқын әсерге толы болды және достық атмосферада көңілді өтті.