Текст
2025 жылдың 19 тамызында «Ертегілер әлемі» клубы өз жұмысын «ОШ 2-де» жалғастырды. Оқушылардың кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылардың өзін-өзі шығармашылықпен көрсетуіне жағдай жасалды. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, ертегілер туралы білімдерін тереңдетіп, түсініктерін кеңейтті. Балалардың қиялдары, сөйлеулері, ойлаулары, сөздік қорлары дамыды. Сабақтар өте қызықты және мазмұнды болды. Жарайсың!