Текст
Шілденің 1-нен 30-шілдеге дейін №2орта мектебінде "Экологиялық десант" үйірмесі жұмысы өткізілді. Бұл үйірмеге 5—7 сынып оқушылары қатысып жүрді.Үйірменің мақсаты ол өз тұратын айналаңды жасыл, таза сақтау. Мектеп айналасындағы гүлзарларды балалар суарып, айналаны күнде әдемі сақтап отырды. Мектеп ауласының тазалығы мен көгалдануына ұқыпты көзқараспен қаралды. Гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап,қастерлеуге үйретіп,жауапкершілікті қалыптастырдық. Мектеп алаңын көгалдандыру жұмысы оқушыларға білім беру мен еңбек тәрбиесі біртұтас енгізілді.