Текст
1 қыркүйекте ашық аспан аясында мектептің бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Білім күніне арналған салтанатты жиынның қонақтары Нұр Отан партиясы Атбасар аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рахимов Н.Б., Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Терешкина Дина Викторовна оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
11 сынып оқушылары алғашқы кітаптарын сыйға тартты. Бұл күні қалған барлық оқушылар үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды.