17.09.2021
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиада дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша іс-шаралардың бірі болып табылады. Негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика ,физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, олардың әрі қарай зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы. Олимпиадаға 11 сынып оқушылары қатысты.