Текст
12 қарашада шет тілі апталығы аясында 8-11 сынып оқушылары "Jeopardy" зияткерлік ойынына қатысып, "Geography", "History", "customs and traditions" "Sport, Art, Literature"," Idioms and proverbs " бөлімдері бойынша саяхаттап , тақырып пен сұрақты таңдап, дұрыс жауабы үшін балл алды. Сұрақ неғұрлым күрделі болса, команда соғұрлым көп ұпай жинады. Оқушылар ағылшын мақал-мәтелдері мен идиомалары, тарихи оқиғалар мен оқытылатын тіл елдерінің әдеби кейіпкерлері туралы білімдерін көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы 11 сынып оқушылары атынан ойынға қатысушы командаларға жүлделі орындарды анықтады. Оқушылар өз білімдерін толықтырып, сыйлықтар алды. Іс-шараны ағылшын тілі мұғалімдері Р.Р. Файзиева, В. С. Лукашевич өткізді.