"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық – бақыт шырағы» атты зерттеу сабағы

24.11.2021

Lesson Study- мұғалімнің тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс- әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study тәсілі аясында 23 қараша күні, қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жоспарына сәйкес, 8а сыныбында "Кәсіп- бақыттың шырағы " тақырыбы бойынша Суюнжанова Г.С алғашқы зерттеу ашық сабағын өткізді. Сабақта зерттелетін үш оқушы анықталып, фокус- топ осы оқушылар үшін күтілетін нәтижелер құрастырды. Сабақты мұғалім ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастады. Оқушылар "Миға шабуыл" әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталады. Бейне жазбаны тамашалап, сабақтың тақырыбын аша білді. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындап, қалыптастырушы бағамен бағаланды. Сабақтың соңында тест арқылы білімдерін бекітті. Сабақ аяқталған соң, фокус- топ мүшелері бірлесіп сабақты талқылады.

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст