Атбасар қаласындағы " №2 ЖББМ", қарашаның 24 күні, 6"Д"сыныбында, қазақ тілі пәнінен "Біздің төріміз-Ақорда" атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: талқылау сұрақтары негізінде шығарманың тақырыбы мен мәтіннің негізгі ойын анықтау. Мәтініннің стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату. Ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазуға дағдыландыру. Сабақта оқушылар екі топқа бөлінді. Бірінші "Бәтерек" тобы. Екінші топ"Хан шатыр" тобы. Сабақ сайыс түрінде өткізілді, әр кезеңнен балалар өздерінің дұрыс жауаптарына қарай жетон алып, ұпай жинап отырды. 1-ші кезеңде мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің негізгі ойын айтып отырды, 2-ші кезеңде, тақтадағы берілген суреттерге қарап, оқушылар елорданың көрнекті ғимараттарын ажыратып, атын атады. 3-кезеңде олар туған жер туралы мақал-мәтел мен өлең жолдар жатқа оқыды, ал 4-ші кезеңде оқулықтағы берілген жаттығу бойынша, грамматикалық тапсырмалар орындады. Сабақтың әр кезеңінде балалар белседі жауап беріп отырды. Ең соңында әр топтың ұпайлары саналып "Бәйтерек" тобы алға шығып, жеңіп шықты.