2021 жылдың 26 қараша күні 4 "в" сыныбында "Ата, бата беріңіз! " тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: тыңдаған (оқыған) әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау, берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану. Сабақтың басында, оқушылар "Жүректен жүрекке" әдісі бойынша, бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік тіледі. Сабақ барысында оқушылар сөздерді оқыды, қайталады, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастырды. Сабақта "Бинго", " Жүректен жүрекке", "Суреттер сөйлейді", "Семантикалық карта", " Алма ағашы" әдістері қолданылды. Сондай-ақ, оқушылар берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп жазады, суретке қарап, оқиғаны болжады. Сабақтың соңында, оқушылар "Алма ағашы" әдісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылады. Оқушылар аталған тақырыпқа аса қызығушылық танытып, сабаққа белсенді қатысты.