Lesson Study-бұл оқытуды үзіксіз жетілдіру үшін сабақ зерттеудің, бірлескен, рефлексивті, мектептік тәжірибе. Сабақ зерттеудің тұжырымдамасы және тәжірибесі /Lesson Study(Jugyou Kenkuu Жапониядан басталып, бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралды. Біздің мектептің мұғалімдері микротопқа бөлініп, әр топта бес адамнан шықты. Топ басшыларымен алдын ала коучинг, Kesson Studu өткізу туралы кеңестер берілді. Әр топ қандай мәселе бойынша жұмыс істейтіні туралы өздеріне анықтады. Бұл тәсілді қолдану, білім беру қоғамын құруға ықпал ететін кәсіби дамудың тамаша тәсілі болып табылады. Бұл әдіс-тәсіл оқушылардың іс-әрекеттерін бақылауға және бірлескен әрекеттерді реттеуге мүмкіндік береді. Қарашаның 26-сы күні, 2"Е" сыныбында, жаратылыстану пәнінен, сабақтың тақырыбы:"Микробтар неден қорқады?" Lesson Study сабағы өткізілді. Бұл сабақта балалар зерттеу жүргізіп, денсаулықты сақтау үшін жеке гигиенаны сақтау керек екенін білді.