2021-2022 оқу жылына арналған аудандық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 30 қарашасында "№2 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Жас Сарбаз"әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты өтті. "Жас Сарбаз" сыныбы қызметінің басты мақсаты жастарды әскери қызмет атқаруға даярлау болып табылады. Сондай-ақ азаматтылық сезімін тәрбиелеумен байланысты оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіледі. Әскери-патриоттық тәрбие азаматтардың, әсіресе жоғары сынып оқушыларының бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастырудың, өз Отанына деген адалдық сезімін тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оның нәтижелері армиядағы қызметте ғана емес, сонымен бірге кейінгі өмірде де көрінеді. Осындай міндеттер аясында жастарды дұрыс әскери-патриоттық тәрбиелеудің рөлі айтарлықтай артады. Дәл осы тәрбие Қазақстанның мықты және білікті қорғаушыларын даярлауға үлес қосады.