Текст
2022 жылдың 13 қаңтарында 3-Б сыныбында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушылар белсенді, зейінді, нәтижелі болды. Осы орайда сабақтың өз мақсатына жеткенін айтқым келеді. В.Сухомлинский «Ертегі, қиял, ойын арқылы, қайталанбас балалар шығармашылығы арқылы – бала жүрегіне дұрыс жол» деп дәлелдеген. Ал бұл баланың жүрегіне ғана емес, оқушы-оқырманның қалыптасуына да қымбат деп ойлаймын.