Текст
Қаңтар айында "Адал Ұрпақ" ерікті клубының кезекті отырысы өтті, тарих пәнінің мұғалімі В.Р. Бородайдың басшылығымен балалар сыбайлас жемқорлық туралы Әлеуметтік ролик көріп, қоғамның дамуына кері әсерін талқылады. Сондай-ақ, балалар "Ешкі және сыбайлас жемқорлық туралы"ертегісін тыңдады. Нәтижесінде отырысқа қатысушылар олардың өмірінде сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деген ортақ пікірге келді.