Мектебімізде көрнекті ғалым, қазақ тілінің реформаторы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына арналған бастауыш сыныптар арасында «Балалар, оқуға бар!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты қазақ тілі мұғалімдері Жандос Ж.,Тамбай Ж.И. ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушыларға ақын өмірбаянынан негізгі мәліметтер беріліп, интербелсенді тақта арқылы көрнекілік суреттермен бірге таныстырылым шарасы назарларына ұсынылды. Сайыста оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділер айтып, жатқа оқыды. Мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі бойынша, жүлделі 1-орын жеңімпазы - 3 «д» сынып оқушысы Дюсембаева Аружан, 2-орын иегерлері – 3 «г» сынып оқушысы Швидкая Полина және Шауалиева Амина – 3 «в» сынып оқушысы, ал 3-орынға 3 «а» сынып оқушылары – Абуталипов Асанали, Сабыров Диас, Пелих Ксения марапатталды. Оқушыларға арнайы мадақтамалар табыс етілді.
Әртүрлі тақырыпта оқылған ақын өлеңдері оқушылардың пәндік,танымдық білімдерін жетілдіруге, әдеби кештерге,мәнерлеп оқу жарыстарына ынтасын арттыруға, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған.