Текст
31 қаңтарда Атбасар ауданының барлық мектептерінде тарих пәнінің апталығы басталды.
Осы онкүндік аясында 9-сыныпқа дүниежүзілік тарих пәнінен «Германияның «әлеуметтік нарықтық экономикасының» ерекшеліктері қандай?» атты сабақ өткізілді. Сабақта жаңа материалды меңгерумен қатар сауалнама және бұрын өткен материалды қайталау жүргізілді. Сабақ барысында жоғары сынып оқушылары әртүрлі жұмыс түрлеріне тартылды: оқулықтармен жұмыс жасап, экономиканың түрлерін талдады; Л.Эрхардтың экономикалық реформасының оң және теріс жақтарын талқылауға қатысты. Сабақ Online mektep платформасында қашықтықтан өткізілді.
Тарих пәнінің мұғалімі
Балгина М.А.