Текст
14.02.2022
Түлектер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9б сынып оқушылары Көкшетау қаласындағы «Жоғары техникалық колледжде» оқу туралы ақпаратпен танысты. Колледжде еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, 47 біліктілік бойынша заманауи нарық жағдайында жұмыс істеу үшін техникалық мамандар тегін оқытылады. Оқушылар осы колледж туралы бейнероликті тамашалады, сонымен қатар ақпараттық буклеттермен танысты. Балалар берілген ақпаратқа қызығушылық танытты.