Бүгін 6 "в" сыныбында "Менің болашақ мамандығым туралы арманым" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауға қандай факторлар әсер ететінін түсіндіру, болашақ мамандықты таңдауға дайындау. Сынып сағаты барысында оқушылармен "Мамандық деген не?" деген сұраққа жауап беру мақсатымен интерактивті әңгімелесу, "Ең қажетті мамандықтар" тақырыбында топтық жұмыс, "Мамандықты қалай таңдау қажет" тақырыбында шағын лекция, мамандық типтері бойынша ескертпелер беру және болашақ мамандық типін анықтау бойынша тест жұмысы жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар жоғары белсенділік әрі аталған тақырыпқа деген қызығушылық танытты. Әр оқушы болашақ мамандығына деген көзқарасын білдіріп, тест жұмысы барысында мамандыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтады.