Мұғалім... Осы сөздегі мақтаныш ағыны, сыйластық пен түсіністік қаншама десеңізші !
Ал бастауыш сынып мұғалімдері – мұғалімдер ортасындағы ерекше халық. Олар ең нәзік, маңызды және жауапкершілігі мол жұмыспен айналысады: балаларды бірінші сыныпқа келгеннен бастап ағынды мектеп өмірінің баспалдақтарынан қолынан жетектеп алып өтеді.
37 жыл бойы бастауыш сынып оқушылары үшін осындай мұғалім болған Карпенко Татьяна Ивановна.
Татьяна Ивановна мұғалімдер әулетін жалғастырушы.
Целиноград институтын бітіргеннен соң Атбасар қаласындағы № 5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1984 жылы № 146 ОМ жұмысқа ауыстырылды. 2012 жылы - № 2 ОМ келді. Оның жұмыс орнын көрсететтін осы үш жазу ғана. Дәл сол жазулар ол кісі туралы көп айта алады.
Татьяна Ивановна үнемі балаларды шексіз сүйді, қайырымды, сезімтал, ілтипатты, педагогикалық жағдаяттарды дұрыс бағалай біледі, тез оңтайлы нұсқасын табады, өзі ең маңызыды іспен айналысатынына сенімді: өз елінің болашағы, жас ұрпақты тәрбиелейді және білім береді.
Ол үнемі және бәрімен тіл табыса білді, сендіре білді, өзінікін дұрыс талап ете білді. Жұмыста жеңілдікке мүмкіндік бермеген, өмірде өте жұмсақ, өте сүйкімді және нәзік жанды адам. Әзілді жақсы түсінетін, білімді, адамды тыңдай және ести білетін Татьяна Ивановна әріптестерінің, ата-аналардың арасында сыйлы, ал оқушылары оны өте жақсы көрді. Дәл осындай мұғалімдерді «Үлкен әріппен жазылатын мұғалім» деп атайды.
Қазір Карпенко Т.И. құрметті демалыста. Бірақ мұғалім дегеніміз – табиғаттың сыйы, кез келген адаммен мәңгі бірге қалатын дарын. Алғашқы мұғалімнің бейнесі әр адамның жүрегінде сақталады және сол адаммен өмір бойы бірге болады. Бүгінде балалар мен олардың ата-аналары мұғалімді өздеріне және өздерінің күшіне сенімділік тудырғаны үшін,өмірде дұрыс жол табуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.