Текст
2022 жылғы 5 наурыз күні, Көкшетау қаласында Ақмола облысының білім басқармасының "Оқу әдістемелік кабинеті" КММ "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуына жаңа көзқарас " тақырыбында I облыстық форумын өткізді. Форум облыс орталығындағы Әл- Фараби атындағы IT лицейінің ғимаратында өтті. Форум қатысушылары төрт секцияға бөлініп жұмыс істеді . Форум аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологиялар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, оқушылардың функционалдық сауаттылығы, педагогтің кәсіби шеберлігі және т.б сұрақтар талқыланды.