Текст
2022 жылдың 28 наурызында Атбасар қаласының "№2 ЖББМ" КММ базасында "Өзін-өзі тану"пәні мұғалімдері қауымдастығының аудандық отырысы өткізілді. Отырыстың жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қарастырылды: "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын қарастыру және талқылау".
Әріптестер жұмыс тәжірибесімен алмасу, "Өзін-өзі тану" пәнінің рухани-адамгершілік білім беру бойынша әртүрлі облыстық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, мұғалімнің портфолиосындағы жетістіктерді толықтыру мақсатында өз жұмыстарын журналдар мен жинақтарда жариялау қажет деген ортақ пікірге келді.