Текст
11 сәуірде 1 - " В " сыныбында ғарышкерлер күніне арналған сынып сағаты, суреттер мен қолөнер көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты: балалардың ғарышкерлік тарихына деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл күні басты кейіпкер Юрий Алексеевич Гагарин болды, ол әлем тарихындағы ғарыш кеңістігіне ұшқан алғашқы адам. Балалар ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқан біздің қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа ұшуы туралы білді. Балалар ғарыш туралы суреттер мен қолдан жасалған бұйымдарды көрсетті, ғарышкерлердің өмірінен қызықты деректерді білді, ғарыштық викторина сұрақтарына жауап берді.