Текст
11сәуір күні 6"Г" сыныбында "Қауіпсіз интернет" тақырыбында сынып сағаты өтті. Оның мақсаты оқушылар назарын Интернет жүйесіндегі болуы мүмкін қауіптерге аудару, жүйедегі қауіптерге байланысты сұрақтар бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыру, жүйедегі тәртіптің жалпы қабылданған қалыптарын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Оқушыларды Интернет жүйесінде жұмыс істеген кезде кездесуі мүмкін қауіптермен таныстыру.
2.Жүйеде жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіз тәртіптік ережелерді жасау.
3.Жүйеде жұмыс істеу кезінде жалпы қабылданған адамгершілік қалыпты пайдаланудың қажеттілігін тудыру.
Балалар талдауға белсенді қатысты, сонымен қатар өздерінің хабардар екенінің жоғары деңгейін көрсетті.