"Халықтың цифрлық сауаттылығы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында цифрлық сауаттылық бойынша жаттықтырушыларға арналған семинар өтті. Атбасар ауданынан тренерлік курстан біздің информатика мұғалімі Ж. В. Ергалиева өтті.:
— Дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, интернет желісін сенімді пайдалануды, қауіпсіздікті және деректерді қорғауды қамтитын" базалық цифрлық дағдылар".
— "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер". Онлайн қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды қамтитын электрондық үкіметті пайдалану дағдысы.
— "Ашық Үкімет" — ашық деректерді, ашық нормативтік-құқықтық актілерді пайдалану дағдылары, ашық диалог және бюджеттер.
— "Электрондық сауда" — тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алу, сату және жылжыту дағдылары.