Текст
12.04. 2022 жылы «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 сынып оқушыларының арасында интеллектуалды марафон өтті.
Марафонның мақсаты: Дарынды және талантты оқушыларды анықтауға, олардың интеллектуалдық сайыстың әртүрлі формалары арқылы өзін-өзі танытуына жағдай жасау. Дарынды және ынталы балалармен жұмысты жандандыру. «Интеллектуалды марафон» келесі гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша өтеді: қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, география, биология, шет тілі, физика және химия.