Текст
Ғылым апталығын өткізу аясында 2022 жылдың 15 сәуірінде 8-11 сынып оқушылары арасында кейстер қорғалды. Бұл әдісі интерактивті оқыту технологиясы болып табылады, өйткені ол барлық қатысушыларды талқылауға тартады. Оқушылар алған теориялық білімдерін, жеке қасиеттері мен дағдыларын іс жүзінде ұсынылған практикалық мәселені шешу үшін қолдануы керек. Бұл жұмыс өмірге жақын проблемалық жағдайды шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Кейс-әдіс оқушылардың ойлау креативтілігін, шешім қабылдаудағы икемділігін қалыптастырады, командада жұмыс істеу, сендіру және ымыраға келу қабілетін дамытуға ықпал етеді.