Текст
Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 2022 жылдың 19 сәуірінде 3-Е сыныпта "Экологиялық соқпақ бойынша саяхат"тақырыбында ашық сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: экология туралы түсінік пен қарапайым білімді қалыптастыру; табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар бірқатар тапсырмаларды орындады: орман туралы тарихты тыңдады, ағаштардың атаулары шифрланған жұмбақтарды шешті, жануарлар мен құстар бейнеленген пазлдардан суреттер жинады, ойындарға қатысты, мұғаліммен бірге кроссворд шешті, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында балалар Любовь Сиротаның "Құстар үйі" өлеңін тыңдап, " Табиғат - сенің үйің "тақырыбына түрлі-түсті суреттер салды.